
Алматы әуежайында суррогат ана арқылы дүниеге келген сәбилерді алып өтпек болған қытайлықтар ұсталды. Ақпаратты Алматы қаласы полициясы растады.
Департаменттің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды саудалау) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Полиция мәліметіне сүйенсек істің барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған шаралар қабылданып жатыр.
Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, оқиға 11 қарашада болған. Қытайдан келген екі жұп жаңа туған сәбилерді алып өтпек болған жерінде ұсталған. Олардың қолында құжаттар болған, алайда шекарадан өте алмаған.
Заңға сәйкес, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды.