
Атырау облысында бәзбіреулер зираттарды бүлдіріп кеткен. Әлеуметтік желіде тараған фотоға сүйенсек, зиратқа қойылған жарты айды кесіп алған.
Облыс полициясының хабарлауынша, жағдай Еркінқала ауылы маңындағы зиратта болған.

«Зираттарды бүлдіру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Алматыда танымал тұлғалардың бейіттері туристік нысан тізіміне енгізілді.