Жаңалықтар

«Техасты шулатайық»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлы
фото: kursiv.media архиві

Орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жек қарсаңында АҚШ-тағы, әсіресе, Техаста тұратын отандастарға арнайы үндеу жасады. Боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерді қазақтың көк туымен келіп, айрықша қолдау көрсетуге шақырды.

«Америкадағы, әсіресе, Техастағы отандастар! Жекпе-жекке келерде көк тумен келсеңіздер екен. Көп екенімізді көрсетіп, Техасты шулатайық. Тарихты бірге жасайық!», – деп жазды Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы чемпиондық жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді. Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан күні таңғы 07:00 де басталады. Кубалық боксшы Лара – орта салмақтағы WBA чемпиондық белбеуінің иегері.

42 жастағы Эрисланди Лара соңғы рет өткен жылы рингке шығып, Дэнни Гарсияны мерзімінен бұрын жеңген еді. Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы төрт кездесуін нокаутпен аяқтап, өзінің салмақтағы қарқынын айқын көрсетіп келеді.