
Қараша айының ортасында Нархоз Университетінің басшылығы Чикагоға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Illinois Institute of Technology (Illinois Tech)-пен стратегиялық әріптестікті нығайту әрі академиялық және зерттеу бастамалары үшін жаңа мүмкіндіктерді талқылауға басымдық берілді. Одан бөлек академиялық процестерге жасанды интеллектіні енгізу жобасын іске қосуға, бағдарламалар тізбесін магистратура деңгейіне дейін кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Illinois Tech — IT-білім берудегі әлемдік көшбасшы
Illinois Tech АҚШ-тың жетекші технологиялық университеттерінің қатарына кіреді. Wall Street Journal мәліметінше, университет түлектердің табыс деңгейі бойынша штатта бірінші және елде 22-ші орында. U.S. News & World Report рейтингінің Engineering, Computer Science and Social Mobility санаттарында ТОП‑100 қатарында, бұл студенттердің жоғары деңгейде дайындығын, білім беру бағдарламаларының сапасын және түлектердің мансаптық өсу мүмкіндігін көрсетеді.

Narxoz және Illinois Tech арасындағы қос диплом бағдарламасы
Нархоз командасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Computer Engineering және Digital Technologies салаларындағы қос диплом бағдарламасын іске қосуға мүмкіндік беру үшін ауқымды жұмыс атқарды.
Бағдарлама студенттерге халықаралық STEM-стандарттарына сәйкес келетін оқу жоспарымен толығымен ағылшын тілінде қазақстандық және америкалық үлгідегі екі бакалавр дипломын алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Бағдарлама форматы:
- 4+0 – 4 жыл Қазақстанда оқу = 2 толыққанды диплом;
- 2+2 – екі жыл Нархозда және екі жыл АҚШ-та;
- 3+1 – үш жыл Қазақстанда және соңғы жыл Чикагодағы IIT кампусында.
Студенттер оқудың толық циклін Қазақстанда өте алады немесе соңғы жылды АҚШ-та аяқтайды. Бұл ретте, оқу құны АҚШ-тағы төрт жылдық оқумен салыстырғанда айтарлықтай төмен, ал академиялық стандарттар мен оқытушылар Illinois Tech талаптарына толық сәйкес келеді.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап бағдарламаның алғашқы студенттерін оқыту басталды, бұл халықаралық білім алуға және жаһандық мансапқа жаңа мүмкіндіктер ашады.
Ғылым және жоғары білім министрінің сапары
Бағдарлама сәтті іске қосылып, екі университеттің командалары арасындағы сенім нығайғаннан кейінгі келесі қадам Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Illinois Tech-ке сапары болды. Сапар бағдарламаның дайындық сапасын бағалауға мүмкіндік беріп, тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.

Халықаралық білім өз еліңде қолжетімді
«Illinois Tech-пен әріптестік студенттерге бірегей мүмкіндіктер береді: халықаралық деңгейдегі диплом, озық білімге қол жеткізу, жетекші профессорлардан тәлім алу және нақты мансаптық перспективалар енді елден ұзақ уақытқа кетпей-ақ мүмкін болды», – деп атап өтті университетте.