Жаңалықтар

«ҚазМұнайГаз» қытайлық Sinopec-пен ортақ компания ашты

Фото: kursiv.media, бильд-редактор

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Akkaiyn Operating» ЖШС-ның 50% акциясын иелене бастады. Бұл туралы хабарлама қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.

egov.kz дерегі бойынша, аталмыш компания 2025 жылдың 27 қарашасында тіркелген. Кәсіпорынның екі құрылтайшысы бар: 50% акциясы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі болса, қалған жартысы қытайлық Sinopec International Energy Investment Holdings меншігінде.

ҚМГ 2023 жылы Sinopec компаниясымен бірлесе Қазақстан аумағында геологиялық барлау жүргізу туралы келісімге келген.

Ал 2025 жылы аталмыш компания Батыс Қазақстан облысындағы «Березовский» учаскесінде мұнай мен газ барлау және өндіру жұмысын бастады.

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі активтерін басқаратын ҚМГ қазіргі кезде 66 компанияның акцияларын иеленеді.