Lifestyle

Қазақстан түрмелерінде отырғандар қандай кітаптарды көп оқиды

Түрмедегілер жиі сұрататын кітаптар / Сурет: Kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Жақында істі болып, Париж түрмесінде 20 күн отырып шыққан Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің қамау орнына өзі-ақ барғанын әлемдік БАҚ жарыса жазған еді. Бас бостандығынан айырылған Саркозидің өзімен бірге екі кітап (Дюманың «Граф Монте-Кристо» атты романы мен тарихшы Жан-Кристиан Петифис жазған Иса Мәсіхтің өмірбаянын) ала барғаны да сөз болды.

Осы орайда Қазақстан түрмелерінде жазасын өтеп жүргендер қандай кітаптарды көп оқиды екен деген сұрақ туындады. 

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) биылғы жылы жинақталған деректерге сүйеніп берген мәліметіне қарағанда, елдегі түзету мекемелерінде отырғандар жиі сұрататын кітаптардың ішінде отандық, шетелдік көркем әдебиет классикасы (Абай, Әуезов, Достоевский, Толстойдың еңбектері) да, діни әдебиет те (Құран), тіпті қазіргі заманғы мотивациялық шығармалар да бар.

ҚАЖК мамандарының кітаптарды жанрға сай топтастырып берген тізімдері төмендегідей.

Көркем әдебиет:

  1. Қ.Жолдыбайұлы. Кемел адам
  2. Агата Кристи. Спящий убийца
  3. А.Конан Дойл. Шерлок Холмс
  4. М.Әуезов. Абай жолы 
  5. Абай Құнанбайұлы. Қара сөздер 
  6. Б.Момышұлы. Ұшқан ұя 
  7. Д.Исабеков. Гауһар тас 
  8. Ә. Нұршайықов. Махаббат, қызық мол жылдар 
  9. Э. Хемингуэй. Қария және теңіз

Классикалық әдебиет:

  1. Ф.Достоевский. Қылмыс пен жаза 
  2. А.Фадеев. Молодая гвардия 
  3. Л.Толстой. Соғыс және бейбітшілік 
  4. Ш.Мұртаза. Қызыл жебе 
  5. У.Шекспир. Ромео мен Джулетта. Оттело 

Психологиялық және мотивациялық кітаптар: 

  1. Наполоен Хилл. Ойлан да байы 
  2. Фил Найт. Продавец обуви
  3. Пауло Коэлью. Алхимик 
  4. Л.Хей. Исцели свою жизнь 

Ерекше көзге түскені – «Фантастика» деп аталатын топтама. Мұндағы жиі оқылатын төрт кітаптың үшеуі – Стивен Кингтің әйгілі «Зеленая миля», «Оно» және «Сияние» атты романдары! Төртіншісі — «Голодные игры» (С.Коллинз).

Діни әдебиет:

  1. Құран Кәрім (ҚМДБ баспасы)
  2. Құран Кәрім. Қазақша түсіндірмесі (А.Әкімханов, Н.Анарбаев)
  3. Дін мен дәстүр (С.З. Ибадуллаев, Е.А. Оңғаров)
  4. Иман негіздері (С.Сейтбеков)
  5. Поминание Аллаха (В.Нирша)
  6. Адамзаттың асыл тәжі (Д.Ө. Ибрагим)
  7. Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары (Е.А. Оңғаров)
  8. Мемлекет дәне дін (Б.Есмахан, М.Исахан)
  9. Пәтуалар жинағы (ҚМДБ баспасы)
  10. Ораза (Е.Ақатаев)
  11. Исламның шырағы (К.М. Мустафаева)
  12. Қазақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының ислам шариғатымен үйлесімі (А.Ш. Әділбаев)

КАЖК атап өткендей, елдегі түзету мекемелеріндегі кітапханалар қорындағы кітаптар арнайы сүзгіден өткен әрі оларды уәкілетті орган бекіткен.