Авто

Алматы электр автобустарға көше бастайды

BYD электробустарын Қазақстанда шығару жоспарланып отыр / фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы электр автобустарға көше бастайды / фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 200 электробусты зарядтауға арналған 100 қуаттау станциясы орнатылады, деп хабарлады мегаполис әкімдігі. Алатау ауданында электробус және газ автобус паркін салу жобасы жүзеге асырылуда.

300 көлікке арналған газ автопаркі бойынша әкімдік аумақты бөлу схемалары мен топографиялық түсірілім материалдарын алды. Мердігер алаңды тегістеуге және жер қазуға дайындық жұмыстарына кіріседі.

«Екінші жоба 200 электробусқа 100 зарядтау станциясын орнатуды, сондай-ақ үш трансформаторлық қосалқы станция салуды көздейді. Жер учаскелерін жалдау шарттарын рәсімдеп, топографиялық зерттеулер жүргізіп, қуаттылықты қосудың техникалық шарттарын келісті», – делінген хабарламада.

Алматыда электр автобустары төрт бағытта жүреді – №19, №88, №98 және №99. Толық зарядтау үшін жылжымалы құрам 3,5-4 сағатты алады, ал ол 250-270 км-ге жетеді.