Жаңалықтар

Сәрсеновтар отбасына тиесілі банк зейнетақы қорына 2022 жыл үшін дивиденд төледі

Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Сәрсеновтар отбасына тиесілі Nurbank «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» (БЖЗҚ) 2022 жыл үшін 120,4 млн теңге дивиденд төледі. Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасына жолдаған ресми хабарламасында жазылған.

Бұған дейін «»Нұрбанк» реттеушінің шектеулеріне байланысты БЖЗҚ-ға дивиденд төлей алмаған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2017-2020 жылдары мемлекеттен көмек алған банктер қарызын қайтармайынша, өз акционерлеріне дивиденд төлеуге тыйым салған болатын.

Жақында банк мемлекеттен алған 47 млрд теңге көмектің бір бөлігі – 4,5 млрд теңгесін өтеген болатын. Содан кейін зейнетақы қорына тиесілі дивидендті төлеуге мүмкіндік алды.

2025 жылдың сәуірінде «Бірыңғай жинақтаушы қоры» өзіне 15 эмитент 61,6 млрд теңге қарыз деген ақпарат таратты. Бұл борышқа екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) депозиттер мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер кірген.

Зейнетақы қоры оншақты ұйымның үстінен сотқа шағымданып, осы қаржыны өндіріп алуға тырысын жатқанын хабарлаған. Солардың қатарында «Нұрбанк» те бар еді.

Нұрбанктің негізгі үлескері – Эльдар Сәрсенов. Ол – белгілі кәсіпкер Рашит Сәрсеновтың ұлы. Forbes Kazakhstan тізіміне сәйкес, Сарсеновтар отбасы елдегі ең бай 75 кәсіпкердің ішінде 9-орында тұр, Олардың байлығы 970 млн долларға бағаланады.