Жаңалықтар

Бір жыл бұрын ғана құрылған компания Алматы облысында шырын зауытын салады

Алматы облысында зауыт салынады / Фото: АШМ, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Qazaq Global Food JV» компаниясы Алматы облысында көкөніс пен жеміс-жидекті терең өңдейтін заманауи зауыт салмақ. Зауыт жылына 70 мың тонна өнім шығарады.

Қазіргі уақытта Göknur Gıda түрік компаниясымен Off-take келісіміне қол қойылған.

«Келісімге сәйкес, аталған компания болашақ кәсіпорын өндірген өнімдердің, соның ішінде алма шырыны концентраты мен басқа да өңделген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын стратегиялық оператор болмақ», – делінген хабарламада.

Жобаға 9,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл қаржының 7,1 млрд теңгесін «Қазақстанның Даму банкі» несиеге берген. Қалғаны борышкердің жеке қаржысы.

2024 жылы тіркелген «Qazaq Global Food JV» ЖШС жеміс-көкөніс шырынын өндірумен айналысады. Компанияның құрылтайшысы — «Alpecon Group» ЖШС. Ол Самат Балабековке және «Capital NS» ЖШС-не тиесілі. Ал Capital NS компаниясы Ерғали Досжанов пен Жанаргүл Жақыпованың меншігінде.