
Апта басынан бері S&P 500 индексіне арналған фьючерс 0,70%-ға өсіп, 6870 пунктке дейін жетті. Бұл -жақсы нәтиже. Әсіресе, дүйсенбі, 1 желтоқсан, күнгі ірі түзетуден кейін. Сол күні бенчмарк 0,80%-ға төмендеп, 6790 пунктке түскен еді. Аптаның басым бөлігінде сол шығынды қайта қайтарып отырды.
Негізгі төмендеу себебі -Жапония Банкінің қатаң сигналдары. Реттеуші басшысы Кадзуо Уэда дүйсенбіде желтоқсанда мөлшерлемені көтеру мүмкін екенін меңзеді. Бұл ықтималдық 75,0%-ға дейін өсті. 10 жылдық жапон мемлекеттік облигацияларының кірістілігі 2007 жылдың шілдесінен бергі максимум -1,95%-ға дейін көтерілді.
Бұрын мұндай өзгеріс акция нарығына ауыр соққы болар еді. Жапония ұзақ уақыт бойы арзан қаржы көзі болды. Жапон орталық банкінің мөлшерлемесі бүкіл Азия үшін тәуекелсіз бенчмарк саналатын. Ол көтерілген кезде экономикалық белсенділік баяулайтын. Инвесторлар алдын ала әрекет етіп, активтерді сата бастайтын. Бірақ қазір ФРЖ мөлшерлемесі әлі де жоғары, сондықтан жапон ақшасы тым тез кетіп жатқан жоқ. Кевин Хассет Джером Пауэллді ауыстырып, АҚШ-та ақша-несие саясатын жеңілдете бастағанда не болатыны қызық.
Бұның бәрі -2026 жылдың тақырыптары. Ол кезде шарықтау шегі болуы мүмкін. Ал қазір S&P 500 фьючерсі жаңа жылдық раллиге ұмтылып барады. Ол қазірдің өзінде 6770–6870 пункт аралығындағы қарсылық аймағының жоғарғы шегіне тақап тұр. Егер бұл аймақ ұстамаса (ал мүмкін, тіпті ұстамайтыны анық), 7150–7250 пунктке дейінгі экстремалды мақсатқа өсу сценарийі іске қосылады.
Дональд Трамп нарықты «қыздыра» білетін саясаткер. Ол мұны өзінің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассет арқылы бастап та кетті. АҚШ президенті сейсенбіде ФРЖ басшысы қызметіне кандидат таңдағанын жариялады. Нарық бұл адамның «көгершін» Хассет екеніне сенімді. Polymarket дерегінше, оның тағайындалу ықтималдығы өткен жұмадағы 35,0%-дан қазір 72,0%-ға көтерілді.
3 желтоқсанда бұл ықтималдық 83,0%-ға дейін жетті. Бірақ Уолл-стрит банктері Хассет Трамптың ықпалымен мөлшерлемені тым жылдам төмендетіп жіберуі мүмкін деп қауіптене бастады. Сол себепті оның мүмкіндігі қайта азайды. Ресми шешімге дейін әлі бір айдан астам уақыт бар. Хассет Трамптың ықпалы мен банктердің алаңдаушылығы арасындағы тепе-теңдікті өте мұқият ұстауы керек. Әйтпесе кандидатура өзгеруі мүмкін.
Макростатистика да әзірге S&P 500-дің өсуіне қолдау көрсетіп тұр. Қарашада экономикалық белсенділік төмендеді. Еңбек нарығы көрсеткіштері де біртіндеп салқындауды байқатады. Егер бүгін жеке тұтыну шығындарының бағалық индексі (PCE) қалыпты немесе тіпті төмен көрсеткіш берсе, ФРЖ-ның өзгеріссіз қалуы қиын. Мөлшерлемені төмендету -ең минималды нұсқа. Ал максимум – сандық жұмсарту (QE) туралы алғашқы сигналдар.
Келесі аптадағы ФРЖ отырысы – басты оқиға. Қазірдің өзінде оны соңғы жылдардағы ең даулы отырыстардың бірі деп атайды. Мөлшерлемені төмендетуді қолдаушылардың дауысы аздап басым – шамамен 7 қолдап, 5 қарсы. Дегенмен нарық мягкий саясаттың жүзеге асу ықтималдығын 87,2% деп бағалап отыр. Реттеуші мұндай сенімділікке қарсы шығуы екіталай. Бұл түсініксіздік пен жергілікті дүрлігуге әкелуі мүмкін.
Өзге нарықтар
Азия нарықтарында да әлсіз болса да жасыл аймақ байқалды:
- Hang Seng +0,28%
- Shanghai +0,82%
Ресейдің МОЕХ индексі айтарлықтай нығайды +3,17%.
Ал Ұлыбританияның FTSE 100 индексі теріс аумақта: -0,28%.
Қазақстанның KASE индексі де өсіммен жабылды
+1,18%.
Коммодитилер: мұнай мен алтын тыныш, биткоин әлсіреді
- Мұнай — 63,77 доллар (+1,38%)
Апта ішінде фьючерстер оң аймаққа шықты. Жексенбі күні ОПЕК+ өз жоспарларын растады. 2026 жылдың толық жылы қазіргі өндіріс квоталары өзгеріссіз қалады. Ал бұған дейін мұнай өндіруді ерікті түрде қысқартқан 8 мемлекет өндірісті бұрынғы деңгейге қайта көтермейтінін және осы шектеулерді 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін сақтайтынын мәлімдеді. - Алтын — 4 213,6 доллар (+0,06%)
Баға аздап, бірақ тұрақты өсті. Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WMC) жаңа есебі орталық банктердің алтын сатып алу қарқыны қайта жеделдегенін көрсетті. Қазанда олар жалпы 53 тонна алтын сатып алған. Бұл – қыркүйекпен салыстырғанда 36% көп. Өсу айтарлықтай қарқынды және биылғы жылдың қаңтар айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ең қызығы – бұл серпіліс алтын бағасы қазанда 13%-ға өсіп, тарихи максимум 4 381 долларға жеткеніне қарамастан орын алып отыр. - Bitcoin — 89 286 доллар (–1,75%)
Криптовалюта нарығында әлсіздік байқалады.
Теңге күшейді
Апта бойы USD/KZT бағамы біркелкі нығайып: ₸511 → ₸505,95 деңгейіне түсті (–1,46%).
Бұл — шетелдік капиталдың Қазақстан нарығына ағылуы және ішкі сұраныстың артуы әсер еткен кезең.
Компания акциялары (1 апта)
Өсім драйверлері:
- KAZAP +10,20%
- KZTO +2,76%
- KEGC +2,15%
- FRHC +1,81%
Құлаған қағаздар:
- KMGZ –1,63%
- AIRA –2,47%
- CCBN –1,09%
Kaspi.kz және Kcell – аптаны шамалы плюспен аяқтады.