Жаңалықтар

Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

фото: shutterstock

Тараз бен Шымкент қалаларында жер сілкінісі сезілді. 6 желтоқсан түнгі 02:04-те Өзбекстанның Наманган облысында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы сейсмологиялық қызметтер хабарлады.

Зілзаланың ошағы 17 км тереңдікте орналасқан. Эпицентр координаттары: 40.89°N, 70.75°E. Оқиға орнында жердің шайқалу күші 5 баллға дейін жеткен.

Сейсмикалық толқындар көрші өңірлерге де таралып, келесі аймақтарда сезілді:

  • Наманган облысы — 3 балл
  • Ферғана облысы — 2–3 балл
  • Андижан облысы — 2 балл
  • Ташкент қаласы — 2 балл
  • Сырдария облысы — 2 балл

Эпицентр Ташкенттен 135 км оңтүстік-шығыста орналасқан.

Қазақстан аумағында да әлсіз дүмпулер байқалды. Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары түнгі уақытта жердің жеңіл тербелгенін сезгенін хабарлаған. Қазіргі таңда қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсан күні Алматыда мангинтудасы 3 балл жер сілкінісі тіркелген еді.