
Америкалық Paramount компаниясы Warner Bros. компаниясын сатып алу үшін Netflix компаниядан көбірек қаржы, яғни 108 млрд доллар ұсынды.
Paramount қыркүйек айынан бастап Warner Bros. компаниясына Apple сияқты ағындық техногиганттарға қарсы тұра алатын медиа алпауыт құру туралы ұсыныс жасаған еді, алайда Warner Bros. бұл ұсынысты қабылдамаған. Қазір медиа компания Warner Bros-ді бір акция үшін 30 доллардан сатып алуды ұсынды. Бұл Netflix ұсынған әр акция үшін 27,75 доллардан көп.
Paramount, сонымен қатар, Warner Bros. компаниясын сату процесіне күмән келтіріп, Netflix-ті жеңімпаз ретінде алдын-ала анықтап, әділ сауда-саттықтан бас тартты деп мәлімдеді.
Сала сарапшылары Paramount-ты Warner Bros. сатып алуға ең жақсы үміткер деп санайды.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбіде Netflix-тің WB-мен келісімі ықтимал монополияға қатысты алаңдаушылық тудыруы мүмкін және ол бұл мәселеде дауыс беруге құқылы болады деп мәлімдеген.
Осыған дейін Netflix-тің американдық қызметі аты аңызға айналған Warner Bros. киностудиясын сатып алу туралы келісім жариялағанын жазған едік.