Жаңалықтар

«Қайрат» – «Олимпиакос» матчын қайдан көруге болады

фото: fckairat

9 желтоқсан, сейсенбі күні Астана қаласында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур ойыны өтеді. Алматылық «Қайрат» грек ұжымы «Олимпиакоспен» күш сынасады. Ойын «Астана Арена» стадионында сағат 20:30-да басталады.

Матчтың тікелей трансляциясы Qazaqstan телеарнасынан көрсетіледі.

Турнирдегі жағдайға келсек, «Қайрат» бес ойыннан кейін бар болғаны бір ғана ұпай жинаған. Қазақстандық клуб кипрлік «Пафоспен» (0:0) тең ойнап, қалған төрт матчта жеңіліс тапты. Атап айтқанда, «Спортингтен» – 1:4, «Реалдан» – 0:5, «Интерден» – 1:2 және «Копенгагеннен» – 2:3 есебімен ұтылды.

Ал грек клубы «Олимпиакос» қазіргі таңда екі ғана ұпайға ие. «Пафоспен» (0:0) және нидерландтық ПСВ клубымен (1:1) тең түсіп, «Арсеналға» (0:2), «Барселонаға» (1:6) және «Реалға» (3:4) жол берді.