Жаңалықтар

Ең үлкен стадион Алматы қаласында салынады

Алматы қаласы жаңа стадион макеті
фото: Алматы қаласының баспасөз қызметі

Алматы билігі жаңадан салынатын стадион сыйымдылығын 45 мың орынға дейін арттыру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Kursiv.Media қала әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Мегаполис басшылығы 2025 жылғы тамыздың аяғында 35 мың көрерменге арналған жаңа стадион салынатынын жариялаған. Сол кезде ірі спорт кешенінің макеті де таныстырылған. Жергілікті билік оны Құлжа тас жолы мен Талғар тас жолының арасында салуды көздеп отыр.

Енді қала әкімдігінің стадион жобасын өзгерткені мәлім болды. 10 желтоқсанда мәслихат сессиясында сөйлеген әкім Дархан Сабыталды оны 45 мың орынға дейін кеңейткелі жатқанын айтты. Құрылыс 2026 жылы басталып, 2027 жылдың аяғында аяқталады деп жоспарланған.

Сол кезде Қазақстандағы ең үлкен стадион Алматы қаласында ашылады. Қазір елдегі ең үлкен спорт кешені – «Астана Арена». Онда 30 200 орын бар. Ақтөбе мен Шымкент қалалары 35 мың адамға шақталған жаңа стадион салуды көздеп отыр. Ал Семей 25 мың орынмен шектелді.

Бірақ Алматыда салынатын жаңа стадион Орталық Азиядағы ең үлкен спорт кешеніне бола алмайды. Өйткені көрші Қырғызстан тұрғызып жатқан «Бішкек Арена» 51 мың жанкүйерге арналған.