Жаңалықтар

Алтын өндіруші компания Қостанай облысында күн электр станциясын салды

solar power plant
Фото: shutterstock

Алтын өндіруші Solidcore Resources plc компаниясы Костанай облысында күн электр станциясын салды. «Варваринское» өндіріс аумағында орналасқан станцияның қуаты -22,6 МВт. Бұл – Солтүстік Қазақстандағы жаңартылатын энергия саласындағы ең ірі жобалардың бірі.

Күн электор станциясында 36 мыңнан астам күн панелі орнатылған, жалпы ауданы шамамен 98 мың шаршы метрді құрайды. Жоба жылына 28,5 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіреді.

Компанияның мәліметінше, КЭС енгізілуі «Варваринское» кәсіпорнындағы жанама парникті газ шығарындыларын 50%-ға қысқартуға ықпал етеді. Ал бүкіл Solidcore Resources тобы бойынша бұл көрсеткіш шамамен 16% деңгейінде төмендейді. Жобаға күн және газ генерациясын қоса есептегенде жалпы 29 млрд теңге инвестция салынған.

Solidcore Resources – Ресейге қарсы санкция күшейген кезде Қазақстанға көшіп келген алтын өндіруші компания. Ресейдегі активтерін сатқаннан кейін Solidcore Resources Қазақстандағы алтын өндірушілер арасында екінші орынға шықты. Компанияның ірі акционері – Оман үкіметіне тиесілі Mercury Investments International қоры жетекшілік ететін омандық инвесторлар консорциумы. Оның үлесі 29,7%-ға тең.

Компания 2025 жылдың ІІІ тоқсанында өндіріс көлемін өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға арттырып, 125 мың унция деңгейіне жеткізген.