Жаңалықтар

46 кеншінің өліміне кінәлі деп танылғандар үкімге шағым түсірді

Он адам бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге сотталған/фото: Айгерім Таубай

Қарағандыдағы «Костенко» шахтасында 46 кеншінің қазасына кінәлі деп танылғандар үкімге шағым түсірді, деп хабарлайды KursivMedia.

2023 жылдың 28 қазанында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «Костенко» көмір шахтасында жарылыс болып, 46 кенші қаза тапты. 26 кенші ауыр және орташа ауырлықтағы дене жарақатын алған.

Содан кейін он адам бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Сергей Мустивко (шахта директоры) 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

Вадим Ерёмин (шахта директорының өндіріс жөніндегі орынбасары) 7 жылға бас бостандығынан айырылды;

Николай Грознов (шахтаның бас инженері) 7 жылға бас бостандығынан айырылды;

Виктор Коптенков (апат болған №6 учаскенің бастығы) 7 жылға бас бостандығынан айырылды;

Владимир Гонноченко (бас инженердің орынбасары) 6 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды;

Дмитрий Федоренко (бас инженердің қауіпсіздік техникасы жөніндегі орынбасары) 6 жылға бас бостандығынан айырылды;

Виталий Пестряк (желдету және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бастықтың көмекшісі) 6 жылға бас бостандығынан айырылды;

Владимир Шишканов (желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің бастығы) 5 жылға бас бостандығынан айырылды;

Төлеген Габдушев (конвейерлік көлік учаскесінің бастығы) 5 жылға бас бостандығынан айырылды;

Дмитрий Коцар (шахтаның бас механигі) 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айыптау актісіне сәйкес, шахта директорының лауазымдық міндеттері мен ереже талаптарын өрескел бұзғаны 2023 жылдың 28 қазанында «Костенко» шахтасында көмір өндіру барысында метан газ қоспасының жануына әкелген. Өрт басталған кезде шахтада 252 адам болған.

2025 жылдың 17 желтоқсанында Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыстық істі қарады. Нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Үкім заңды күшіне енді.