
Қарашада елдегі жылдық инфляция 12,4% болды. Елдің бес өңірінде инфляция жеделдеді, төртеуінде бұрынғы деңгейде қалды. Ал 11 өңірде баяулады деп хабарлайды Ұлттық банктен.
Қараша айындағы баға өсімі қалай болды?
Азық-түлік бағасы
- Бір жылда 13,4% өсті (қазанда – 13,5%)
- Ең қатты қымбаттаған өңір: Ұлытау облысы – 17,1%
- Ең төмен өсім: Алматы қаласы – 11,2%
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар
- Жылдық өсім: 11,2% (қазанда – 11,0%)
- Ең жоғары өсім: Ақтөбе және Жетісу облыстары – 13,2%
- Ең төмен өсім: Батыс Қазақстан облысы – 8,6%
Ақылы қызметтер
- Баға өсімі 12,3%-ға дейін баяулаған (қазанда – 12,9%)
- Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында қызмет бағасы ел орташа деңгейінен төмен өсті – 9,4%
Қарашада ел бойынша баға 0,8% өсті
Қазанда елдегі жылдық инфляция 12,6% болған еді. Халық келесі жылы баға бұдан да қатты өседі деп алаңдайды. Ұлттық банктің сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 13,9%-ы алдағы 12 айда инфляция 20%-дан да жоғары болады деп есептейді.