Жаңалықтар

Алматыда қазақ тіліндегі мәзірі бар кроссовер таныстырылды: Haval H6

Фото: Haval

Әлемдік бестселлер HAVAL H6 – ең көп күтілген орта өлшемді кроссоверлердің бірі – Қазақстанда ресми түрде таныстырылды.

12 желтоқсанда Алматыда өткен таныстырылымда Astana Motors құрамындағы Haval бренді Қазақстан нарығында жаңартылған HAVAL H6 моделінің сатылымы басталғанын жариялады. H6 – C-SUV сегментінде ұзақ жылдар бойы көшбасшы позициясын сақтап келе жатқан жаһандық бестселлер. Әрі отандық нарықтан тыс елдерде де кеңінен танымал үлгі.

Модельдің жаңа нұсқасы, дизайны «шығыстық футуризм» философиясын бейнелейді. Ол премиум сипаттары жоғары функционалдылықпен үйлесіп отыр.

Фото: Алмаз Толеке

Бұл Қазақстан нарығы үшін маңызды оқиға болды. Үлгі алғаш рет Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының конвейеріне қойылды. Локализацияның арқасында өндіруші автокөлікті жергілікті жағдайға барынша бейімдеген. Қазақ тілін қолдайтын интерфейсті енгізді. Сонымен қатар, бұрын-соңды болмаған алты жылдық кепілдік ұсынып отыр.

Жаңартылған SUV қуаты 238 ат күшіне ие. Интеллектуалды толық жетек жүйесі және ADAS L2 деңгейіндегі заманауи қауіпсіздік кешені бар.

Табыс тарихы: жаһандық бестселлер

HAVAL H6 моделінің табысты болуы кездейсоқ емес. Бұл көпжылдық инженерлік әзірлемелердің нәтижесі. Көп жылдар бойы бұл үлгі әлемдегі ең көп сатылатын SUV көліктерінің топ-10 тізіміне тұрақты түрде енген. Жаһандық деңгейде танылған көшбасшы брендтермен бәсекелесіп келеді. Миллиондаған жүргізушінің сеніміне ие болған. Бренд үнемі жетілдіріліп келген. H6-ның әрбір жаңа буыны өз класында баға, сапа және технологиялық жарақтану арақатынасы бойынша жаңа стандарт қалыптастырады.

Модель ғұмырында GWM инженерлері әлем бойынша төрт миллионнан астам автокөлік сатты. Бұл – аталған сегмент үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Қазақстандық тұтынушылар сенімділігі мен сұранысы халықаралық тәжірибеде дәлелденген. Сонымен қатар, жергілікті пайдалану жағдайына арнайы бейімделген автокөлікке қол жеткізуде. Осы орайда H6 қазіргі қытай автонарығының мүмкіндіктерін айқын көрсететін символдық өнімге айналды.

Фото: Алмаз Толеке

Жаһандық стандарттан – «Made in KZ»-ке дейін

Алматыдағы зауытта өндірісті локализациялау логистиканы оңтайландырып, жеткізу мерзімін қысқартады. Сонымен қатар, HAVAL H6 моделін ел климатының ерекшеліктеріне – температураның күрт ауытқуына, қыстағы қатты суыққа және еліміздің нақты жол жағдайына кешенді түрде бейімдеуге мүмкіндік берді.

Бұл үдеріс антикоррозиялық өңдеуді, аспа баптауларын және климат-бақылау жүйесін оңтайландыруды қамтиды. Тұтынушыларға құрастыру сапасына деген сенім беріп, ресми дилерлік желі аясында түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен сервистік қызметке жедел қол жеткізуге жол ашады.

Haval Motor Kazakhstan компаниясының бас директоры Эдуард Кузнецов Қазақстан нарығына арналған негізгі жаңартуларға тоқталды:

«Жаңартылған Haval H6 – көптен күткен жаңалық. Бұл – жоғары технологиялы әрі ыңғайлы «отбасылық» кроссовер. Биылдан бастап модель Алматыдағы зауытымызда шығарыла бастады. Мұны мақтанышпен айта аламыз. Негізгі жаңартулардың бірі – тіл локализациясы. Мультимедиалық жүйенің интерфейсі енді қазақ тіліндегі мәзірді қамтиды. Үлкейтілген 14,6 дюймдік экран және жаңартылған орталық консольмен үйлескен. Жүйе бұрынғыдан да интуитивті әрі қолдануға ыңғайлы болды».

Бұл шешім өндіруші аймақтың мәдени және тілге қатысты ерекшеліктеріне мән беретінін көрсетеді. Автокөлікпен қатынасты барынша жайлы әрі ерекше етеді.

Өнімділік пен техникалық инновациялар

Жаңа HAVAL H6 GWM компаниясының аса тиімді, заманауи L.E.M.O.N. модульдік платформасында жасалған. Бірегей архитектурасы аз салмақ пен барынша қаттылық қағидатына негізделген. Бұл жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді (шанағының 71%-ына дейін берік болаттан жасалған). Сондай-ақ көліктің ауырлық орталығын төмендетеді. Бұл шешім жоғары басқарылғыштыққа және жанармай үнемділігіне кепіл болады.

Жаңартылған кроссовер сатып алушыларға екі қуатты турбоқозғалтқышты ұсынады. Жаңа агрегаттар алдыңғы буын үлгілерімен салыстырғанда бірқатар көрсеткіш бойынша озық. Жылдам қызу технологиясы, айнымалы геометриялы VGT аз инерциялы турбокомпрессорлар, Twin-scroll, Миллер циклі және басқа да шешімдер қолданылған. Мұның бәрі жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ экологиялық талаптарды сақтауға және төмен айналымда жоғары тарту күшін ұсынуға мүмкіндік береді.

– 1.5T қозғалтқышы 184 ат күші және 275 Нм,

– 2.0T нұсқасы 238 ат күші және 385 Нм әсерлі қуатымен ерекшеленеді.

Фото: Алмаз Толеке

1,5T қозғалтқышы – GWM компаниясының өз әзірлемесі. Интеллектуалды 7 сатылы DCT (Dual Clutch Transmission) трансмиссиясымен жұптасады. Екі «ылғалды» типтегі (сұйықтықпен салқындатылатын) ілінісі бар бұл роботтандырылған беріліс қорабы жоғары сенімділігімен, берілістердің жылдам әрі бірқалыпты ауысуымен ерекшеленеді. Мұндай шешім үдеу динамикасын арттырады. Гидротрансформаторлы ұқсас қораптармен салыстырғанда жанармай шығынын азайтуға және CO₂ шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ал 2,0T қозғалтқышы үшін әлемдегі алғашқы тоғыз сатылы, екі «ылғалды» іліністі роботтандырылған трансмиссия – 9DCT ұсынылады. Оның басты ерекшелігі, 7DCT-пен салыстырғанда 10%-ға жеңіл әрі 36%-ға ықшам. Өндіруші мәліметінше, бұл трансмиссия 400 Нм-ге дейінгі максималды айналу сәтіне төтеп бере алады. Ал екі беріліс қорабының да пайдалы әсер коэффициенті 96% болады. Тоғыз сатылы құрылым қозғалыс динамикасын жақсартып, жанармай шығынын және қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларын азайтуға ықпал етеді.

Жүргізушіге 6 түрлі жүргізу режимі қолжетімді. Олар – стандарт, эконом, спорт, қар, құм және жолсыз жер. Бұл көлікті жол жабынының кез келген түріне және жүргізу стиліне бейімдеуге мүмкіндік береді.

Фото: Haval

Кез келген жабында сенімді қозғалысты BorgWarner компаниясының Haldex 6-буындағы муфтасы бар толық жетек жүйесі қамтамасыз етеді. Аталған жүйе айналу сәттерін біліктер арасында жедел түрде бөледі (артқы білікке дейін 50%). Соның арқасында тайғақ немесе қарлы жолда да жоғары ілініс пен болжай алуға болатын басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл HAVAL H6 моделін Қазақстан жолдары үшін әмбебап кроссоверге айналдырмақ.

Ұзақ сапарларға арналған кеңістік: премиум-класс жайлылығы

H6 дизайны заманауи әрі динамикалық мінезді айқындайтын тұжырымдамаға сай орындалған. Жаңа сәнді трапеция пішіндес радиатор торы, айқын LED-оптика және спорттық акцентті күшейтетін 19 дюймдік дөңгелектер модельдің келбетін айшықтай түседі. Көліктің сыртқы өлшемдері де қайта қаралды. Ұзындығы 50 мм-ге артып, 4703 мм-ге жетті. Ал ені – 1886 мм, биіктігі – 1730 мм.

Фото: Алмаз Толеке

Модель бес орынды нұсқада ұсынылып отыр. Салонның жинастырылуы жіті ойластырылған. 2738 мм дөңгелек базасының арқасында жүксалғыш көлемі 560 литр болды. Бұл отбасылық сапарлар үшін өте қолайлы. Жоғары жинақтамаларда электржетегі бар үлкен панорамалық шатыр қарастырылған. Ол кеңістікті визуалды түрде ұлғайтып, салонды жарыққа толтырып, интерьерге жеңілдік пен премиум сипат береді.

Интерьер жұмсақ әрі жағымды материалдармен әрленіп, жақсартылған шу оқшаулаумен ерекшеленеді. Бұл жоғары жылдамдықта да акустикалық жайлылықты қамтамасыз етеді. Жабдықталым қатарында Қазақстан жағдайы үшін аса маңызды алдыңғы орындықтарды жылыту және желдету функциялары бар. Цифрлық кокпит проекциялық дисплеймен (HUD) толықтырылған. Ол негізгі ақпаратты тікелей алдыңғы әйнекке шығарады.

Салонның жалпы эргономикасы мен басқару элементтері жүргізуші мен жолаушылардың ұзақ сапар кезінде шаршатпайтындай етіп ойластырылған. Жайлы әрі энергия сыйымдылығы жоғары аспа жүйесі жеңіл басқарылады. Қазақстан жолдарына тән кедір-бұдырларды оңай еңсеруге бейімделген.

ADAS L2: жеке ассистент пен пассивті қорғаныс

Пассивті қауіпсіздік тұрғысынан H6 моделі шанағының 71%-дан астамы беріктігі жоғары болаттан жасалған. Бұл жүргізуші мен жолаушыларды жан-жақты қорғауды қамтамасыз етеді. Конструкция соққы энергиясын тиімді сіңіретін бағдарламаланған деформация аймақтарымен күшейтілген. Соның арқасында жол-көлік оқиғасы кезінде тәуекелдер барынша азаяды. Автокөлік жинақтамасына қарамастан 6 қауіпсіздік жастығымен жабдықталады.

Белсенді қауіпсіздік екінші деңгейдегі ADAS кешені арқылы іске асырылады. Ол ұзақ сапарлар кезінде жүргізушіге түсетін жүктемені азайтатын 20-дан астам көмекші функцияны қамтиды. Бұл жүйелер жол жағдайын үздіксіз бақылау үшін радарлар, ультрадыбыстық сенсорлар мен камералардан алынған деректерді пайдаланады. Олардың қатарына жолақта автоматты түрде ұстап тұру жүйесі, алға және артқа қозғалған кезде автоматты төтенше тежеу, Stop & Go функциясы бар бейімделмелі круиз-бақылау, «соқыр аймақтарды» бақылау, көліктен қауіпсіз шығу жүйесі, жаяу жүргіншілерді тану және автоматты тұраққа қою функциясы кіреді. ADAS сенімді екінші пилот ретінде жұмыс істеп, жүргізу сенімділігін арттырып, қателік жіберу ықтималдығын төмендетеді.

H6 моделінің бірегей ерекшелігі, «мөлдір капот» функциясы бар 360° шолу камерасы бар. Бұл технология дөңгелектердің астындағы кеңістікті егжей-тегжейлі көрсетіп, жолсыз жерде маневр жасау немесе күрделі жағдайда тұраққа қою кезінде аса маңызды рөл атқарады. Жабдықталым сабвуферді қоса алғанда, тоғыз динамигі бар премиум-класстың акустикалық жүйесымен толықтырылған. Ол жоғары сапалы дыбыс ұсынады.

Фото: Алмаз Толеке

Ең жоғары кепілдік және қолжетімділік

Жаңартылған HAVAL H6 моделінің бағасы 11 890 000 теңгеден басталады. Бұл автокөлікке нарықта алғаш рет 6 жыл немесе 200 000 шақырым болатын бірегей кепілдік ұсынылады. Аталған кепілдік өндіруші модельдің ұзақ мерзімділігі мен сенімділігіне деген жоғары сенімін айқын көрсетеді.

Жаңа көлік қазірдің өзінде сатылымға шықты. Толық ақпаратты Қазақстандағы Haval ресми дилерлік орталықтарынан және 7007 нөмірі арқылы алуға болады.