Lifestyle

«Аватар: от пен күл» тұсаукесерінде қазақша нұсқасы көрсетілмей қалды

Аватар: от пен күл
«Аватар: от пен күл» фильмінің тұсаукесерінде / фото: ҚазАқпарат

17 желтоқсанда Disney компаниясы шығарған «Аватар: от пен күл» картинасының тұсаукесері өтті. Бірақ фильмнің қазақша нұсқасы көрсетілмей қалды. Бұл жайлы Kursiv.Media тілшісі жазады.

«Сіздердің алдарыңызда бас иіп, кешірім сұраймын. Техникалық ақауларға байланысты фильмнің қазақ тілді жолағы бізге қолжетімсіз болып тұр. Өзіміз де жанымыз шығып осының қазақша болғанын тілеп едік, бірақ техника адам емес. Оған тілмен түсіндіру мүмкін емес», – деді қазақша дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев.

Бірақ ол 18 желтоқсаннан бастап барлық кинотеатрға шығады деп уәде берді.

«Аватар: от пен күл» – әйгілі режиссер Джеймс Кэмеронның туындысы. 2022 жылы оның «Аватар: Су жолы» фильмі де қазақшаланған еді.

Жалпы осы жылы 2025 жылы Disney студиясы «Элио», «Лило мен Стич» және «Аңдар шаһары 2» фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға тапсырыс берген.

«Аңдар шаһары 2» халықтың ықыласына бөленіп, прокатта миллиардтан аса қаржы жинады.