Lifestyle

Алагөзовтің кезекті мәрттігі: қызметкерлерінің ата-анасына сыйлық жасады

фото: ашық дереккөзден

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов қызметкерлерін тағы бір жомарттығымен қуантты. Ерекше жаңалығын «GALANZ bottlers» компаниясының жаңа жылдық корпоративтік кешінде айтты.

Бизнесмен компания қызметкерлерінің ата-аналарын қолдауға бағытталған ерекше әлеуметтік бастаманың іске қосылғанын мәлімдеді. Енді компаниядағы қызметкерлердің жасы 65-тен асқан ата-анасы болса, оларға ай сайын 50 мың теңге көлемінде қаржылай төлем беріледі.

Бұл шара қызметкерлерді тәрбиелеп, қолдағаны үшін олардың ата-аналарына деген алғыс деп атап өтті кәсіпкер. Әрі осы жоба арқылы «GALANZ bottlers» компаниясының әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығын айқындайды.

Осы жылы жазда Алагөзов 100 қызметкеріне пәтер сыйлаған.

Ал күзде «Қайрат» клубына екі микроавтобус сыйлаған еді.