
SpaceX, Tesla және xAI компанияларының негізін қалаушы Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 700 млрд долларға жеткен адам атанды.
Миллиардердің дәулеті Делавэр штатының Жоғарғы соты Маскке Tesla акцияларына берілген опциондарды жойған төменгі сот шешімінің күшін жойғаннан кейін күрт өсті. Бұл опциондардың қазіргі нарықтық құны — 139 млрд доллар.
Forbes мәліметінше, Илон Масктың қазіргі жалпы байлығы рекордтық 749 миллиард долларды құрап отыр.
Сот шешімінен кейін Tesla Илон Масктың ең құнды активіне қайта айналды. Акцияларға берілген опциондардан бөлек, Маск электромобиль өндіруші компанияның жай акцияларының 12 пайызына иелік етеді. Бұл үлестің құны — 199 млрд доллар, ал Tesla-дағы барлық активтерінің жалпы құны — 338 млрд доллар.
Бұған қоса, бұл сомаға Tesla компаниясы қарашада Маскқа бекіткен рекордтық бонус пакеті кірмейді. Бұл пакет арқылы ол алдағы он жылда компанияның нарықтық құны сегіз есе өссе, қосымша акциялар түрінде 1 триллион долларға дейін табыс табуы мүмкін.
Илон Маск осыған дейінболашақта мүлде ақша болмауы мүмкін деп болжам жасаған еді.