Lifestyle

Семей қаласының көрікті жерлеріне арналған жаңа нұсқаулық шықты

Семей қаласының көрікті жерлеріне арналған жаңа нұсқаулық шықты / Фото: EA charity fund

Семей тұрғындары мен қонақтарына хәкім Абайдың туған жерінің тарихы мен мәдениетін таныстыратын «Сәлем, Семей!» жинағы жарық көрді, деп хабарлайды Kursiv LifeStyle.

«Сәлем, Семей!» кітабы – Қазақстан қалалары мен табиғаты және мәдениетін таныстыратын «Сәлем!» кітаптары сериясының бір бөлігі. Басылым «Ертіс өңірі» өлкетану қауымдастығының материалдарына және жергілікті тұрғындардың әңгімелеріне негізделген. Онда Семей қаласының мәдениеті, жаңалықтары мен бірегей оқиғалар, мәселен, Қазақстандағы алғашқы футбол клубының ашылуы туралы жазылған.

Фото: EA charity fund

«Серияның әрбір кітабын біз тек Қазақстан мамандарымен дайындаймыз. Авторлар мен иллюстраторларды жергілікті креаторлардан таңдаймыз. Кітап Семей тұрғындары үшін де, барлық қазақстандықтар үшін де қызықты әрі пайдалы болады деп сенемін», — деді Tentek Publishing House бас редакторы Малика Кохан.

Нұсқаулыққа иллюстрацияларды Семей қаласының тумасы және Невзоровтар отбасы мұражайындағы өнер студиясының түлегі Анастасия Кухтурцева жасады.

«Қордың кітаппен жұмыс істеуге қатысқанына қуаныштымыз. Біз үшін ұзақ мерзімді мәдени құндылық тудыратын бастамаларды қолдау маңызды. Бұл жәй кітап емес, ұрпақтар арасындағы, қала мен оның тұрғындары арасындағы диалогқа себеп болатын мұра», – деді EA Charity Fund директоры Айдар Бөрібаев.

Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Оны Астана, Алматы, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Meloman дүкендер желісінен, сондай-ақ, маркетплейстерден сатып алуға болады. Бірнеше данасы қалалық кітапханаға берілді.