
Джеймс Кэмеронның кезекті фильмі «Аватар: От пен күл» прокатқа шыққан алғашқы аптасында-ақ Қазақстан кинотеатрларында рекордтық табыс жинады. Freedom Ticketon ұсынған деректерге сәйкес, фильм 962,7 млн теңгеден астам кассалық түсім көрсетіп, апталық бокс-офисте сөзсіз көш бастады.
Ауқымды фантастикалық жоба көрерменнің қызығушылығын тудырып, прокаттағы өзге фильмдерді айқын басып озды. Тіпті прокаттың алғашқы жеті күнінде-ақ «Аватар: От пен күл» жылдың ең табысты премьераларының біріне айналды.
Апталық бокс-офис көшбасшылары (18–21 желтоқсан):
- «Аватар: От пен күл» – 962 790 127 теңге (1 апта)
- «Аңдар шаһары 2» – 163 044 505 теңге (4 апта)
- «Фреддидің бес түні 2» – 32 517 095 теңге (3 апта)
- «Ёлки 12» – 17 200 820 теңге (1 апта)
- «Вечность» – 10 578 750 теңге (1 апта)
Айта кетейік, бұған дейін «Аңдар шаһары 2» мультфильмі прокаттағы алғашқы аптасында 856 млн жинаған еді.
«Аватар: От пен күл» фильмі прокатқа 18 желтоқсан күні шыққан еді. Алайда 17 желтоқсан күні жабық көрсетілімде қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетілмеді.