Lifestyle

Еркебұлан Тоқтар мен Бота Миа бірге көзге түсті (видео)

фото: instagram

Актер Еркебұлан Тоқтар әуежайда блогер Бота Мианы (Ақбота Нұрақынды) гүл шоғымен қарсы алған видеосын жариялады. Кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік екеуінің көңіл қосқаны жөнінде жарысып жазып жатыр.

Видеодан кейін желіде түрлі пікірлер жазылды. Кейбір қолданушылар эмоциясын жасырмай:

«Өзімнің жігітім басқа қызбен жүріп кеткен ұқсап қиналып отырғаным ше»,
«Өте жарасымды жұп, сіздер үшін қуаныштымын», – деп жазды.

Еркебұланның қызғанған жанкүйерлері тіпті әзіл-шыны аралас пікір қалдырып:

«Бота Миа, мен саған вызов тастаймын», – деп жазған.

Еркебұлан Тоқтар мен Бота Миа бұған дейін де бірге көзге түсіп жүрген. Ботаның туған күнінде гүл сыйлап, желі қолданушыларының назарын аударған.

Қазіргі таңда тараптар қарым-қатынасына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ, алайда желідегі белсенділік олардың арасындағы жақын қарым-қатынас туралы әңгімелердің артуына себеп болып отыр.