
Астанада «Нұрлы жол» вокзалында Моңғолия азаматына шабуыл жасалды. Оқиға шетелдік кірген Kazakh Food кафесінде болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оған осы мекеменің иесі шабуылдап, пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.
«Күдікті оқиға орнында жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.
Кейбір дереккөздердің мәліметінше, зардап шеккен Моңғолия азаматы «ҚТЖ» делегациясының құрамында болған. «Адам өлтіруге оқталды» деген күдікпен ұсталған адамның да есімі жарияланды. Ол – «Kazakh Food» кафесінің иесі Базарбай Бақытты. Зардап шеккен азамат іс-шара барысында осы кафеге кіргені хабарланды.
Мұның алдында Ақтөбе полициясы 16 жастағы жасөспірім анасын өлтіріп, 72 жастағы әжесіне пышақ салғанын хабарлаған еді.