Жаңалықтар

Алматының экс-әкімі «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің құрамына енді

Досаев жаңа қызметке тағайындалды / Фото: sk.kz, бильд-редактор Аделида Мамедова

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қазір «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесіне премьер-министр Олжас Бектенов, Болат Жамішев, Лука Сутера, Вонг Хэн Файн, Нұрлан Жақыпов, Мохаммед Джамиль Аль Рамахи және Ерболат Досаев кіреді. Кеңесте сондай‑ақ SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) – жасанды интеллект бейнесіндегі виртуалды директор бар.

Айта кетерлігі, қыркүйек айының соңында Қанат Шарлапаев қордың директорлар кеңесінен шығарылып, кейін «Бәйтерек» холдингі директорлар құрамынан да кеткен.

Ерболат Досаев он жыл бұрын да кеңестің құрамында болған Ал 2022 жылғы қаңтардан 2025 жылғы мамырға дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған.