
Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдегі жиырма ауылға қытай тракторын таратты. JINMA 904A маркалы жаңа трактор «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына берілді. Бұл туралы Kursiv.Media облыс әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.
«Техникалар ауылдарыңыздың гүлденіп, таза әрі жайлы болуына қызмет етеді деп сенемін. Бұл байқауды дәстүрге айналдырып, келесі жылы да жалғастырамыз», – дейді өңір басшысы.

Үздіктер интернетпен қамту, креатив, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, инфрақұрылым, туризм, үлгілі ауыл, мәдени мұраны сақтау және басқа да санаттар бойынша анықталды.
«Туған жеріміздің түлегені, тұрған ортамыздың кіршіксіз болғаны, ең алдымен, өзімізге керек», – деп есептейді Уәли.
Әкім тазалық акциясына қатысқан қарапайым азаматтарды да марапаттайтынын айтты.

Кейінгі жылдары Қазақстанға, соның ішінде Абай облысына да қытай инвесторлары көптеп кіріп жатыр. Бұған дейін Уәли «Қытайдан қорықсақ, айға немесе Марсқа көшіп кетейік» деген. Ал оның алдында өңір басшысы Алакөлге көрші елден көп турист тарту теректігін айтып, «Қытайдан қорқуды қою керек» деп мәлімдеген.