Жаңалықтар

Мемлекеттік бақылау ҰҚК-ға өтеді: вице-министр өзгерісті түсіндірді

Президент жарлыққа қол қойды/фото: ҚР ҰҚК

ҰҚК цифрлық қауіпсіздік саласында жаңа өкілетке ие болды. Жасанды интеллект вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, салаға қатысты мемлекеттік бақылау Ақпараттық қауіпсіздік комитетінде қалады. Маңызды нысандарға қатысты мемлекеттік бақылау Ұлттық қауіпсіздік комитетіне өтеді.

«Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның 635 маңызды нысаны бар. Олар техникалық тұрғыдан барлық ақпарат дерегін қазірдің өзінде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беріп отыр. Қазір әңгіме тек мемлекеттік бақылау туралы болып отыр. Яғни, өкілеті бөлінеді. Жалпы алғанда, бұл салаға қатысты мемлекеттік бақылау Ақпараттық қауіпсіздік комитетінде қалады, ал маңызды нысандарға қатысты мемлекеттік бақылау ҰҚК-ға өтеді», – дейді Мұсалиев.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулыға қол қойды. Соған сәйкес жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің кей функциясы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.