Lifestyle

Томирис Жанғазинова 18+ сахнаcына қалай түскенін айтып берді (видео)

фото: instagram

Актриса Томирис Жанғазинова «Гипноз» фильмінде түскен 18+ сахнасына қатысты ойын айтты. Оның сөзінше, бұл рөл – өзі үшін әрі кәсіби, әрі эмоциялық тұрғыдан күрделі тәжірибе болған.

«Төсек сахнасы эротикаға толы, қиын, жаңа эксперимент. Дене жалаңаш болғаннан кейін, жүректің жалаңаштығы екі есе ауыр екен. Бірақ маған жоба ұнады. Бұл – болашағы бар жоба екенін түсіндім. Осындай рөлдер көбейе берсін», – деді актриса.

Томиристің айтуынша, мұндай сахналар актерден физикалық дайындықты ғана емес, ішкі батылдық пен психологиялық тұрақтылықты да талап етеді. Соған қарамастан, «Гипноз» фильмі өзіне үлкен тәжірибе бергенін атап өтті.

Айта кетейік, «Гипноз» фильмі 15 қаңтардан бастап кинотеатрларда көрсетіле бастайды.