
«Алматы халықаралық әуежайы» 2022 және 2023 жылдағы таза пайдасынан 26,3 млн долларды жалғыз акционері – «ТАВ Қазақстан» компаниясына дивиденд ретінде төлейді. Жалғыз акционердің шешімі Қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланған.
Қабылданған шешімге сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерге 16,04 млн доллар, ал 2023 жыл үшін 10,3 млн доллар есептелген. Бұл сома тиісінше 2022 жылғы таза пайданың 27%-ын және 2023 жылғы таза пайданың 13%-ын құрайды.
Дивиденд Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша теңгеде қайта есептеліп төленеді.
Бұл шешім «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның аудиттен өткен қаржы есебіне негізделген. Аудит қорытындысына сәйкес, әуежайдың таза пайдасы 2022 жылы 59,4 млн АҚШ долларын, ал 2023 жылы 79,3 млн АҚШ долларын құрады.
Аудиторлық есепке сәйкес, «Алматы халықаралық әуежайы» «ТАВ Казахстан» компаниясына тиесілі. Бұл компания Almaty Airport Investment Holding B.V. арқылы бақыланады, әуежайдың түпкілікті иесі – Францияның Airport de Paris Group компаниясы.
Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы 2024 жылдың маусым айында ашылып, пайдалануға берілген.