
«Тараз» футбол клубы «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы клуб директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.
Директордың айтуынша, тараптар арасында алғашқы байланыс орнату жоспарланған.
«Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып жатырмыз. Ертең ұсыныс тастап, диалог құра бастаймыз», – деді клуб басшысы.
Айта кетейік, Шерхан Қалмырза Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі таңда «Қайрат» футбол клубының қақпашасы. Биыл Чемпиондар лигасында әйгілі «Реал Мадрид» клубына қарсы алаңға шыққан еді.