Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар қосылады

фото: ҚТЖ баспасөз қызметінен

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар іске қосылады. Бұл туралы «ҚТЖ» хабарлады.

«Қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты ҚТЖ өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында 13 қала маңындағы пойызды тағайындады, – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. 

Іске қосылған пойыздар:

Астана – Павлодар бағыты бойынша:

• №7502 Астана – Павлодар

• №6832 Астана – Павлодар

Павлодар – Астана бағыты бойынша:

• №7501 Павлодар – Астана

• №7509 Павлодар – Астана

Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты бойынша:

• №6804 Атбасар – Астана

• №6831 Астана – Жалтыр

Астана – Көкшетау бағыты бойынша:

• №7515 Астана – Курорт Бурабай

• №6830 Көкшетау – Астана

• №7508 Көкшетау – Астана

• №7516 Курорт Бурабай – Астана

Астана – Қарағанды бағыты бойынша:

• №6858 Астана – Қарағанды

• №6856 Астана – Қарағанды

Қарағанды – Астана бағыты бойынша:

• №7553 Қарағанды – Астана

Айта кетейік, 16 желтоқсаннан бастап оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын Алматы – Қостанай бағытында жаңа «Тальго» пойызы іске қосылды.