Жаңалықтар

Қазақстанның бес облысында жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» Қарағанды, СҚО, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарындағы жолдарды жапты / Фото: shutterstock

«ҚазАвтоЖол» қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар республикалық автожолдардың  толықтай жабылғанын хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 30 желтоқсанда сағат 09:00-ден бастап республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс қайта ашылды:

Ақтөбе облысы

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776–1240 км аралығы (АЗС «ЭКО ойл» – Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

  • Сол автожолдың 1240–1362 км аралығы (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі бөлігі).

Маңғыстау облысы

  • Республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 332–632 км аралығы (Бейнеу ауылы мен Шетпе ауылы аралығы) барлық көлік түрлері үшін ашылды.

Қандай жолдар жабылды

Ақмола облысы:

  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы – Келлеровка ауылы);
  • «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін);
  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

Қарағанды облысы:

  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Қарқаралы ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);
  • «Теміртау – Ақтау – Бастау» автожолының 0-53 шақырым аралығы (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін)
  • «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 101-266 шақырым аралығында (Нұра ауылынан Теміртау қаласына дейін) барлық көлік түрі үшін.

Қостанай облысы:

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысы:

  • «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 137-231 шақырымы аралығында (Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.