Жаңалықтар

Жеті облыста автокөлік жолдары ашылды

Алайда кейбір республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді /  shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров
Алайда кейбір республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс шектелді / shutterstock, бильд-редактор: Артур Алескеров

Жеті облыста автокөлік жолдары ашылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жолдағы жағдай туралы ақпарат берді.

Ұлттық компанияның дерегінше, 2026 жылғы 1 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар келесі автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық:

Павлодар облысы

«Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 0–263 км аралығы (Атамекен кенті – Ресей Федерациясының шекарасы).

Батыс Қазақстан облысы

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 189–492 км аралығы (Атырау облысының шекарасы – Орал қаласы);

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273–526 км аралығы (Барбастау кенті – Ақтөбе облысының шекарасы).

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526–610 км аралығы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Қобда кенті).

Атырау облысы

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 179–189 км аралығы (Индер кенті – Батыс Қазақстан облысының шекарасы).

Ақмола облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» республикалық маңызы бар автожолының 30–92 км аралығы (Жібек жолы бақылау-өткізу пункті – Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы

«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92–164 км аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау бақылау-өткізу пункті).

Жамбыл облысы

«РФ шекарасы – Мартук – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 159–238 км аралығы, «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі (Кенен ауылы – Қайнар ауылы).

Қозғалысты шектеу

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Осинов асуындағы күрделі таулы жағдайларға байланысты Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолының 46–66 км аралығында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл шектеу ағымдағы қысқы кезеңнің соңына дейін сақталады.

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді:

Жетісу облысы

«Үшарал – Достық» автожолының 84–164 км аралығы (Көктұма кенті – Достық станциясы).

Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының аралық құрылысының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» айрығы учаскесі – Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Мұның алдында ҚазАвтоЖол ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге ескерту жариялаған еді.