Жаңалықтар

Шымкентте 80 млн теңге ұрлады деген алаяқ ұсталды

Экс-президент алаяқтық және қысым жасағаны үшін кінәлі деп танылды / фото: KursivMedia мұрағаты
Шымкентте 80 млн теңге ұрлады деген алаяқ ұсталды / фото: KursivMedia мұрағаты

Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Зардап шеккендерге келтірілген залал жалпы 80 млн теңгеден асады. Ол зардап шеккендердің бірінен бағалы бұйымдарын алып кеткен.

«Күдікті досының сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен құнды бұйымдарын алып қойып, кейіннен өз міндеттерін орындамады», – деді полиция.

Екінші эпизод шетелге туристік сапарлармен байланысты. Жақсы сапар ұйымдастыруға уәде беріп, күдікті алдын-ала төлем алып, бірақ турды ұйымдастырмаған.

«Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Іс-шаралар нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары қылмыстың барлық мән-жайларын анықтайды.