Жаңалықтар

Chevron Венесуэлада мұнай өндіру үшін АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатыр

Венесуэла Chevron танкері
Chevron компаниясының мұнай тасу үшін жалдайтын танкері Венесуэла портында тұр / фото: shutterstock

Chevron компаниясы Венесуэлада мұнай өндіру лицензиясын кеңейту мақсатында АҚШ үкіметімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Reuters жағдаймен жақсы таныс төрт дереккөз мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Chevron – Венесуэлада жұмыс істейтін жалғыз ірі америкалық компания. АҚШ үкіметі оған осы елде жұмыс істеуге рұқсат беріп, санкциялардан босатқан. Дегенмен Дональд Трамп әкімшілігі 2024 жылғы маусым айында, Венесуэла президенті Николас Мадуроға қысымды күшейту үшін, Chevron лицензиясына қосымша шектеу енгізген. Соған байланысты компанияның мұнай экспорты тәулігіне 100 мың баррельге дейін азайған.

Вашингтон рұқсат берсе, мұнай гиганты бұрынғы өндіріс көлеміне қайта оралады.

Вашингтон басқа да америкалық компанияларды Венесуэладан мұнай экспорттау ісіне тартуды көздеп отыр. Олардың арасында Valero Energy, Exxon Mobil және ConocoPhillips бар.

Венесуэланың дәлелденген 303 млрд баррель мұнай қоры бар. Бұл – әлемдегі көмірсутек шикізатының 17%-ы. Мұнай қоры жағынан Венесуэла Сауд Арабиясын да артта қалдырды.