Жаңалықтар

Автобуста кісі өлтірген теміртаулық он жылға бас бостандығынан айырылды

Автобуста кісі өлтірген теміртаулық он жылға бас бостандығынан айырылды / Фото: Shutterstock

Теміртауда автобуста кісі өлтіру фактісі бойынша сот аяқталды. Істі Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилер соты қарады.

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 2025 жылдың 10 наурызында болған. Сотталушы досымен бірге автобуста алкоголь ішіп, басқа жолаушыларға кедергі келтірген. Жолаушылардың бірі ескерту жасағаннан кейін олардың арасында дау туындаған.

«Кооператор» аялдамасында жанжал төбелеске ұласып, ашуланған жолаушы мас адамның бірін еденге құлатты. Осы кезде сотталушы пышақ алып, бірнеше рет соққы жасаған. Нәтижесінде ер адам сол жерде қайтыс болды.

Сотталушының кінәсін куәгерлер, автобустың бейнежазбасы және сараптама растады. Прокурор 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, жәбірленуші тарап айыпты қолдады, ал қорғаушы жазаны жеңілдетуді сұрады.

Қазылар ер адамды қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп тапты. Сот оған орташа қауіпсіздік колониясында 10 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады және сотталған адамнан қаза тапқан адамның отбасының пайдасына 8 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп алды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.