
2025 жылы Қазақстандағы ақылы жолдар арқылы шамамен 74 млн рет сапар жасалған. «ҚазАвтоЖол» 26 жолдың қайсысында көлік көп жүретіні туралы мәлімет таратты.
Рейтингте Алматы-Қонаев ақылы жолы көш бастап тұр. Былтыр дәл осы жолмен 11,8 млн мәрте сапар жасалған. Екінші орында Шымкент-Өзбекстан шекарасы (9,3 млн), ал үшінші орында Шымкент-Тараз (6,5 млн) тас жолы тұр.
Мекеменің мәліметінше, қазір ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырымға созылып жатқан 26 ақылы жол жұмыс істейді. Олардың 12-сі бірінші техникалық санаттағы сапалы жолға жатады. Рейтингке қарағанда, сапарлардың 51%-ы алғашқы бес жолда жасалған.
2025 жылғы қаңтар-қазан айларында елдегі ақылы жолдардан 79 млрд теңге пайда түскен.
2025 жылы ақылы жолдар рейтингі мынадай:
- Алматы-Қонаев – 11,8 млн
- Шымкент-Өзбекстан шекарасы – 9,3 млн
- Шымкент-Тараз – 6,5 млн
- Тараз-Қайнар – 5,4 млн
- Шымкент-Қызылорда – 4,8 млн
- Астана-Теміртау – 4,4 млн
- Қонаев-Талдықорған – 3,9 млн
- Астана-Щучинск – 3,7 млн
- Щучинск-Көкшетау – 3,2 млн
- Астана-Павлодар – 2,5 млн
- Алматы-Қорғас – 2,5 млн
- Қостанай-Денисовка – 1,9 млн
- Тараз қаласының айналма жолы (Қайнар-Шымкент) – 1,9 млн
- Қызылорда-Арал – 1,8 млн
- Көкшетау-Петропавл – 1,7 млн
- Балқаш-Бурылбайтал – 1,4 млн
- Павлодар-Семей-Қалбатау – 1,3 млн
- Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) – 1,3 млн
- Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – 856 мың
- Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) – 831 мың
- Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) – 774 мың
- Шу-Бұрылбайтал – 707 мың
- Қандыағаш-Мақат – 583 мың
- Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) – 570 мың
- Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) – 163 мың
- Үшарал-Достық – 101 мың.
2025 жылдың аяғында ақылы жолдарда төлем жасау ережесі жеңілдегені мәлім болды. Жолда жүру ақысы уақытылы төленбесе, қандай жаза қолданылатынын Kursiv.Media материалынан оқыңыз.