Жаңалықтар

Екібастұз қаласында тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды

Екібастұзда бірге ішімдік ішкен адамнің бірі екіншісіне пышақ салған / Фото: kursiv.mediа

Павлодар облысының Екібастұз қаласында тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды. Қайғылы оқиға 2026 жылғы 9 қаңтарда қаладағы пәтерлердің бірінде болған.

Полицияның мәліметінше, тұрмыстық кикілжің кезінде, бірге арақ ішкен адамдардың бірі екіншісіне бірнеше рет пышақ салған. Ауыр жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар тағы бір әйел адам пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Күдікті оқиға орнынан ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін автобуста кісі өлтірген теміртаулық он жылға бас бостандығынан айырылған.