
Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында бала-шағасының Мальдив аралдарынан елге оралған сәтін көрсетті.
Продюсер үйде күтіп алған видеоны жариялап, әсерлі жазба қалдырды:
«Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралдарынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт!», — деп жазды Айдарбекова.
Бейнежазбада Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдызға және немерелеріне сыйлық табыстап жатқан сәті бейнеленген. Отбасылық жылы атмосфера мен қуанышқа толы кадрлар желі қолданушыларын сүйсіндірді.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғыш қыздары Сезімнің 18 жасын Мальдив аралдарында атап өткен еді.