Жаңалықтар

Павлодар-Қызылорда жолындағы апатта екі адам қайтыс болды

Павлодар-Қызылорда жолындағы апатта екі адам қайтыс болды / Фото: Павлодар полициясы

12 қаңтарда Павлодар-Қызылорда автожолының 110 шақырымында Павлодар облысының Құлақөл ауылының маңында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлады аймақ полиция департаменті.

«Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, шектеулі көріну жағдайында Shacman автокөлігінің артындағы тіркемемен соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан екі жолаушы қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Полиция жол көлік оқиғасы ауа райының қолайсыздығы, яғни тұман кезінде жол көрінбегендіктен орын алғанын хабарлады.