Жаңалықтар

Биыл елдегі 103 суару каналы автоматтандырылады

Елдегі су каналдары
Елдегі 103 суару каналы автоматтандырылады / фото: Eldala.kz

Осы жылы елдегі 103 суару каналын автоматтандыру басталады. Жоба Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарынан басталады. Бұл жайлы үкімет отырысында баяндама жасаған ЖИ және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Барлығы елдегі 264 каналды автоматтандыру жоспарлаған. Бұл – әр каналға заманауи сенсорлар мен қашықтан басқару жүйелерін орнату деген сөз. Сол арқылы күні-түні каналдағы су деңгейіy, су таралуын бақылап отырады.

Қазір жобаның сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Жүзеге асыру үшін қажетті қаржыны Ислам даму банкінен алады.

Мәдиевтің сөзінше, 2030 жылға дейін сумен жабдықтау саласында деректерді онлайн-беруді 100% қамтамасыз етілуі қажет. Бұл саланы цифрландыруға Astana Hub стартаптары көмектеседі.

Үкімет отырысында кәріз құбырларын ауыстыру мәселесі де сөз болды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта 45 қаладағы кәріз жүйелері жаңаланады.