
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «INVIVO Business» ЖШС-ның жұмысына тексеріс жүргізді. Құзырлы органдар компанияның нарықта монополия орнатып, өзге бәсекелестеріне қысым көрсеткенін анықтады.
Агенттіктің мәліметінше, INVIVO-мен жұмыс істеген кәсіпкерлер шарт бұзылғаннан кейін, 24 ай бойы басқа бәсекелес зертханалармен ынтымақтастық орната алмайтын болған. Компания осындай талап қойған. Соның салдарынан нарықтағы елдің 16 қаласындағы зертханалық қызмет нарығындағы кәсіпкерлер зиян шеккен.
Монополияға қарсы органның ескертуінен кейін, компания бұл шектеуді алып тастады. Енді нарықтағы 143 кәсіпкерлік нысан еш кедергісіз қызметін жалғастыра алады.
Бұл мәселе бойынша Kursiv.Media INVIVO Business-ке сауал жіберді.
Өткен жылдың соңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай мен Қызылорда қаласының әуежайына айыппұл салған еді. Оларды әуе отын бағасын негізсіз көтерді деп айыптады.