Жаңалықтар

Мектепте есірткі сатқандар өмір бойына сотталады

Бұл туралы қылмыстық кодексте көрсетілген/фото: shutterstock

Білім беру мекемесінде есірткі сатқандар өмір бойына сотталады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

«Мұндай жағдай бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысында тіркелді. Қазір заңға сәйкес мектеп аумағында есірткі сатқандар өмір бойына сотталады», – дейді Әмірханов.

2025 жылы мұндай жағдай тіркелмеген.

Қылмыстық кодекстің 297-1-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық топ не лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып есірткі, психотроптық заттарды заңсыз дайындап, қайта өңдеп, өндірген болса, мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады не өмір бойына бас бостандығынан айырылады. 

Бұдан бөлек полиция баланың есірткі тұтынып-тұтынбайтынын анықтауға қатысты ата-аналарға кеңес берді.