
Энергетика министрлігі Қара теңіз акваториясында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдаған екі танкерге жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.
Ведомствоның хабарлауынша, 13 қаңтарда Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы маңында Мальта туымен жүзетін Matilda танкері ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшыраған. Аталған кеме «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы арқылы жалға алынған. Либерия туымен жүрген Delta Harmony танкері де жүктеу жұмыстарына дайындық кезеңінде ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылына ұшырағаны расталды.
Екі оқиғаның салдарынан зардап шеккендер жоқ. Delta Harmony-да өрт болған, ал Matilda-да өрт шықпаған. Алдын ала техникалық бағалау нәтижесі бойынша танкердің теңізде жүзу қабілеті сақталған. Ақпаратқа сүйенсек, экспорттық ресурсқа зиян келмеген.
Осыған дейін ҚМГ компаниясы Matilda танкері «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК жалдағанын нақтылады. Танкерге қазақстандық мұнай 18 қаңтарда Каспий Құбыр консорциумының терминалында тиеледі деп жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, Delta Нarmony және Matilda танкерлеріне КТК терминалында шабуыл жасалды. БАҚ-та жария болған ақпарат сүйенсек, танкерлерді қазақстандық «Теңізшевройл» компаниялары мен КПО консорциумының мұнайын жөнелту үшін жалға алынған.