Жаңалықтар

Тоқаев қорғаныс министрімен Қарулы күштер жағдайын талқылады

Тоқаев қорғаныс министрімен қарулы күштер жағдайын талқылады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент- Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылғы қызметінің қорытындысы туралы баяндаманы тыңдады», – деп нақтылады Ақорда.

Қорғаныс министрі президентке әскердің жауынгерлік дайындығының ағымдағы деңгейі және Қарулы күштерді дамытудың негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы есеп берді.

Қосанов, сондай-ақ, цифрлық технологияны енгізу барысы, әскери-патриоттық жұмыстың жай-күйі және әскери инфрақұрылымды жаңғырту туралы ақпаратты ұсынды. Баяндамада президенттің әскердегі тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған тапсырмаларын орындауға ерекше назар аударылған.

«Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы бас қолбасшы министрдің алдына әскердің жауынгерлік дайындығын қолдау, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде нақты міндеттер қойды», — деп түйіндеді Ақорда.

Айта кетейік, 2025 жылдың соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі сарбаздардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу керектігін тапсырған.