
Әнші Ғазизхан Шекербек Instagram парақшасындағы stories-ке теңіз жағасында кішкентай қызымен түскен суретін жариялап, фонға Jah Khalib-тің «Доча» әнін қойған. Бұған әнші Еркеш Хасен реніш білдіріп, жауап қатқан.
Ғазизхан stories-ке «Қызымның таусылмайтын сұрақтарына жауап беріп жатқам сол» деп салды. «Қызым» әнінің орындаушысы Еркеш Хасен «сасқан үйрек артымен жүзеді» демекші, неге сол әнді қоймағанына реніш білдіргендей жауап берген.
Атап айтқанда, сол stories-ке Еркеш: «Ред флаг болғасын менің әнімді қоймайсыз ғой даа» деп күліп жазып жіберген. Жас әншінің бұл сөзіне Ғазизхан: «Әнің жақсы бірақ. Өзіңде шаруам жоқ» деген. Stories-ке скриншотты сала отырып, «Әркімде де жүрек бар…» деп жазба қосты Ғазизхан. Сондай-ақ Еркештің «Қызым» атты әнін фонға қойып қойған.
Естеріңізге сала кетсек, желіде Еркеш Хасеннің қызы мен әйелін тастап, актриса Жанель Серғазинамен көңіл қосқаны туралы қызу талқыланды. Бұл оқиға туралы еш тарап ресми түрде жауап берген жоқ. Десе де, Еркеш Хасеннің бірінші некесіндегі қызынан бөлек, Жанельден де қызы бар деп айтылып жүр.