Жаңалықтар

Тұрсынбектің тоқалынан Threads қолданушысы жалынып кешірім сұрады

фото: @t_a_d_d_s_ инстаграм парақшасынан скрин

Threads желісінде түрлі өсек-аяңды белсене жазып отыратын Balqadiwaa парақшасының авторының үстінен Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі атанып жүрген Айман сотқа арыз жазған. Нақты айтқанда, ол «парақша авторы абыройыма нұқсан келтірді» деген шағым түсірген. Осыдан соң паблик иесі кешірім сұрап, бұған дейін жазылған постарды өшірген.

Заңгер Дильназ Мұхамедова Instagram-парақшасының stories бөліміне Айман ханымның заңды өкілі ретінде ар-намысы мен қадір-қасиетін сот тәртібінде қорғауға кіріскенін жазды. Сол мәлімдемеге репост жасап, @t_a_d_d_s_ қосымша бірнеше скриншот жариялады.

фото: әлеутеттік желіден скрин

Ол жерде Threads желісінде жұлдыздар туралы өсек-аяң жазып жүрген Balqadiwaa парақшасының авторынан жекеге келген хаттың үзіндісі бар. Сотқа арыз жазғаннан кейін фейк-парақша авторының жеке басы анықталған. Содан соң Айманның direct-тіне Алина есімді қолданушы кешірім сұрап жазған.

«Ассалаумағалейкум, Айман ханым. Мен «Балқадиша» паблигінің иесімін. Тізерлеп тұрып өзіңізден кешірім сұраймын. Сіз туралы жазған нәрсенің бәрін түгел өшірдім. Енді сіз туралы жақ ашпаймын деп сөз беремін. Мұсылман әпкем ретінде кешірім беруіңізді жалынып сұраймын», – деп бастаған хатын паблик авторы.

Одан соң қауесеттерді жазатын форматқа өтуге отбасындағы ауыр жайттар мен желіде көп ауқым алғаны себеп болғанын атап өткен. «Бізді алаяқтар 8 млн теңгеге алдап кетті. Дымсыз қалдық. Әкеміз жоқ, анамыз – жасы келген үлкен кісі, ағам 3-топ мүгедегі. Інім стрестен қатты ауырып қалды. Денесіне жара қаптап кетті, жүре алмай ауырып жатыр. Кешіріңізші. Пабликті агрессиямен жүргізіп, сіздің отбасыңыз жайлы жазып қатты қателестім. Жылап отырмын», – деп жазды Алина есімді қолданушы. 

Айман болса, «кешірім сұрайтындарың бар, фейктен кіріп қатырдым деп ойламаңдар. Менің де бос уақытым көп. Аяныштысыңдар», – деді stories-ке.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Айманның алғаш рет жасаған мәлімдемесі турады жазған едік.