
28 қаңтарда Лондондағы «Emirates Stadium» стадионында өтетін Арсенал-Қайрат матчына билеттер сатылым шықты, деп хабарлайды Freedom Ticketon.
Билет бағасы 36 мың теңгеден басталады.
Ақпаратқа сүйенсек, УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы екі клубтың ойыны 28 қаңтар күні жергілікті уақытпен 20:00-де (Астана уақытымен 01:00) Лондондағы «Emirates Stadium» стадионында өтеді. Қонақтарға арналған сектор билеттері Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшаларында сатып алуға болады. Онлайн билет сату сервисі билет қайтарылмайтынын ескертерді.
«Билеттерді қайтаруға және айырбастауға болмайды. Сатып алған кезде төлемді растайтын электрондық хат жіберіледі. Негізгі билет матчқа бір күн қалғанда мобильді телефон арқылы ашылатын сілтеме ретінде жіберіледі. Билеттерді тексеру (валидация) NFC технологиясы арқылы жүзеге асырылады. Сатып алардан бұрын мобильді құрылғыңыздың NFC технологиясын қолдайтынына көз жеткізіңіз»,- делінген Freedom Tiketon хабарламасында.
Сондай-ақ, билет алу немесе оны қолдануға қатысты сұрақтар немесе қиындық туындаған жағдайда, help@ticketon.kz электронды поштасына жазуға болады.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алты матч өткізіп, 1 ұпай еншіледі. Өз алаңында «Реал Мадрид» (Испания), «Пафос» (Кипр), «Олимпиакос» (Грекия) клубтарын қабылдаса, сырт алаңда «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания) клубтарына қарсы ойнады.