Жаңалықтар

Қырғызстан блогерлерді салық төлеуге міндеттеуге ниетті

Қырғызстан блогерлерді салық төлеуге міндеттеуге ниетті / Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігі онлайн-платформаларда цифрлық контент жасаушылардың құқықтық мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеуде.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, мәдениет министрінің орынбасары Марат Тағаев тиісті құжатқа қол қойған. Ол бойынша жарнамадан табыс табатын 10 мыңнан астам жазылушысы бар блогерлер үшін салық міндеттемелерін енгізіледі. Құжатта блогерлердің мазмұны Үкіметтің бақылауында болады делінген.

Бұл ретте ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі уақытта заң жобасы пысықталып жатқанын және жазылушылардың нақты саны туралы айту мерзімінен бұрын екенін хабарлады. Құжат осы жылдың наурыз айына дейін дайын және қоғамдық талқылауға шығарылады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда сенат депутаты Геннадий Шиповских блогерлердің жұмысы, салығы жөнінде бірнеше мәселе көтерген еді. Соның ішінде олардың қызметiн лицензиялау немесе олардың тiзiлiмiн қалыптастыруды ұсынған.

Депутаттың ресми сауалына берген жауабында ҚМА жарнамалық қызметтен табыс табатын блогерлер (инфлюенсерлер) қазірдің өзінде салық міндеттемелері және жарнама, онлайн-платформалар туралы заңнама талаптарын қоса алғанда құқықтық реттеу саласына жататынын хабарлайды. Министрліктің мәліметінше, көзделген әкімшілік жауапкершілік онлайн-платформаларды пайдаланушылардың, оның ішінде блогерлердің (инфлюенсерлердің) заңнаманы сақтауын қамтамасыз етеді және реттеудің қосымша тетігін белгілеу талап етілмейді.